Қытайда отшашу зауытында жарылыс болды: қаза тапқандар бар

20:32, 4 мамыр 2026

© Фото: Zakon.kz

Қытайдың Хунань провинциясында отшашу шығаратын зауытта жарылыс орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Oxu.Az басылымының Xinhua агенттігіне сілтеме жасап жазуынша, оқиға салдарынан кемінде 3 адам қаза тауып, тағы 25 адам жарақат алған.

Жарылыс 4 мамыр күні жергілікті уақытпен шамамен 16:43-те Люян қаласының уездік деңгейіндегі Гуаньду елді мекенінде орналасқан кәсіпорында болған.

Қазіргі уақытта полиция оқиғаның себептерін анықтап жатыр, тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Бұған дейін Қытайда бірден үш қаланы қосқан 55 шақырымдық алып құрылыс салынғанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!