БҚО-да көлік ұрлап, жол апатына себеп болған күдікті ұсталды
© Фото: Zakon.kz
Батыс Қазақстан облысының аудандарының бірінде патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында көлік құралын заңсыз иемденді деген күдікпен азаматты ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Белгілі болғандай, 30 сәуірде аудандық полиция бөліміне Ханкөл ауылының тұрғынынан өзіне тиесілі Lada Granta автокөлігінің ұрланғаны туралы арыз түскен. Тексеру барысында бұрын сотталған, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған азаматтың көлік иесінің рұқсатынсыз аталған автокөлікті иемденгені анықталды.
Сонымен қатар, күдікті Орал–Ақтөбе автожолы бойымен қозғалып келе жатып, қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, Volkswagen Golf автокөлігімен соқтығысқан. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, жүргізуші жеңіл дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болған.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 200-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Сонымен қатар ұсталған азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы 6-бөлігі және 611-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Бұған дейін Астанада полиция пәтер ұрлығына қатысы бар күдіктіні ұстағанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:58, 4 мамыр 2026
Әлемдік теннис элитасы «Ролан Гаррос-2026» турниріндегі жүлде қоры бойынша шағым білдірді
-
22:35, 4 мамыр 2026
Ресейде бір үйдің үш мүшесі терезеден секіріп қаза тапты
-
22:13, 4 мамыр 2026
Роман Скляр жылыту маусымына қатысты бірқатар тапсырма берді
-
21:36, 4 мамыр 2026
Әлемдегі ең арзан металл белгілі болды
-
21:18, 4 мамыр 2026
Көкшетауда желдету жүйесіндегі ақау кафедегі өртке себеп болды





