Астанада полиция пәтер ұрлығына қатысы бар күдіктіні ұстады

18:41, 4 мамыр 2026

© Фото: Zakon.kz

Астана қаласының полиция қызметкерлері пәтер ұрлығын жасады деген күдікпен 32 жастағы ер адамды анықтап, ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдікті тұрғын үйдегі пәтерлердің біріне заңсыз кіріп, жатын бөлмедегі шкафтан 20 мың АҚШ доллары көлеміндегі ақшалай қаражатты, сондай-ақ алтын бұйымдарды - сақина, сырға және білезікті қолды қылған.

Қылмыс жасағаннан кейін ол ұрланған зергерлік бұйымдарды ломбардқа өткізіп, түскен қаражатты жеке қажеттіліктеріне жұмсаған. Ұрланған мүліктің бір бөлігі тәркіленді. Келтірілген жалпы шығын көлемі 11 миллион теңгеден асты.


"Күдіктінің жеке басы жедел-іздестіру іс-шаралары барысында анықталды. Ол еліміздің басқа өңірінде ұсталып, қазіргі уақытта тергеу изоляторына қамалды",- деп мәлімдеді полицейлер.

Бұған дейін 12 тоннадан астам алтын құрамды материал заңсыз айналымнан тәркіленгенін жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!