Жетісуда өзеннен заңсыз құм-қиыршық тас өндіру тоқтатылды
© Фото: Zakon.kz
Талдықорғанда Балқашты өзенінде заңсыз құм-қиыршық тас қоспасын өндіру дерегі анықталды.
Жетісу облысы полиция департаментінің табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері Талдықорған қаласы аумағындағы Балқашты өзенінде құм-қиыршық тас қоспасын заңсыз өндіру фактісін анықтап, оның жолын кесті.
Рейдтік іс-шара барысында тиісті рұқсат құжаттарынсыз табиғи ресурстарды өндірумен айналысқан жүк тиегіш анықталды. Жетісу облысы полиция департаментінің табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері Талдықорған қаласы аумағындағы Балқашты өзенінде құм-қиыршық тас қоспасын заңсыз өндіру фактісін анықтап, оның жолын кесті.
Рейдтік іс-шара барысында тиісті рұқсат құжаттарынсыз табиғи ресурстарды өндірумен айналысқан жүк тиегіш анықталды.
Аталған дерек бойынша қажетті материалдар жиналып, процессуалдық шешім қабылдау үшін уәкілетті органдарға жолданатын болады. Арнайы техника айыптұрағына қойылды. Полиция мәліметінше, мұндай құқық бұзушылықтар өңірдің экологиялық ахуалына елеулі зиян келтіріп, табиғи тепе-теңдіктің бұзылуына және қоршаған ортаға кері әсер етуі мүмкін.
"Пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру тек заң бұзушылық қана емес, сонымен қатар экожүйеге төнетін елеулі қауіп. Осыған байланысты мұндай деректерді анықтау және жолын кесу бағытында жүйелі профилактикалық әрі жедел жұмыстар жүргізілуде. Жыл басынан бері осындай 27-ге жуық құқық бұзушылық тіркелді, — деп атап өтті табиғатты қорғау полициясы.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда. Полицейлер азаматтарды табиғатты қорғау заңнамасын сақтауға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақырады. Табиғи ресурстарды сақтау – әрбір азаматтың ортақ міндеті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:32, 5 мамыр 2026
Алматыда ҰОС ардагерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға Жеңіс күніне орай материалдық көмек көрсетілді
-
14:20, 5 мамыр 2026
Елордада кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар анықталды
-
14:09, 5 мамыр 2026
Алматыда «Таза Қазақстан» аясында сәндік көгалдандыру ауқымы кеңейіп келеді
-
13:37, 5 мамыр 2026
Өскемендегі жарылыс: зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды
-
13:21, 5 мамыр 2026
АЭС туралы ақпарат құпия болуы мүмкін – Энергетика министрлігі





