«Жүргізуші куәлігін алып беремін»: Семейде алаяқтық жасаған ер адам ұсталды
© Фото: Zakon.kz
Семей қалалық полиция басқармасына 39 жастағы жергілікті тұрғын алаяқтық дерегі бойынша арызбен жүгінді.
Оның айтуынша, 2025 жылдың сәуір айында өзін "Дастан" деп таныстырған бейтаныс жігіт сенімге кіріп, алдау жолымен 300 000 теңге көлеміндегі ақшасын иемденіп кеткен.
Күдікті жүргізуші куәлігін жасап беруге көмектесемін деп уәде берген. Алайда ақша алған соң, байланысқа шықпай, уәдесін орындамаған. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер 28 жастағы Семей қаласының тұрғынын анықтап, полиция бөліміне жеткізді.
Ол кінәсін толық мойындады. Алайда жәбірленушіге келтірілген материалдық шығын қайтарылған жоқ. Аталған дерек алаяқтық бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіге қатысты келу міндеттемесі түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Полиция азаматтарға ресми құжаттарды рәсімдеуге қатысты күмәнді делдалдарға сенбеуге және ақша бермеуге кеңес береді. Барлық мемлекеттік қызметтер заңда белгіленген тәртіппен ғана көрсетіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:12, 15 желтоқсан 2025
Қазақстанда жиі кездесетін алаяқтық түрлері аталды
-
20:50, 15 желтоқсан 2025
БҚО-да ақтүтек боранда хабар-ошарсыз кеткен тағы бір адам өлі табылды
-
20:50, 15 желтоқсан 2025
БҚО-да қарлы боранда хабар-ошарсыз кеткен тағы бір адам өлі табылды
-
20:35, 15 желтоқсан 2025
«Қатып өлген». БҚО тұрғындары қалың қар астында қалып кеткен қойларын қолмен аршып алуда
-
19:56, 15 желтоқсан 2025
70-тен астам науқасқа АИТВ мен гепатит жұқтырған медбике сотталды





