Жұмыс істейтін зейнет жасындағы адамдар зейнетақыдан қағылуы мүмкін
© Сурет: primeminister.kz
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова 2024 жылы 1 қарашада журналистермен болған кездесуде жұмыс істейтін зейнет жасындағы адамдарға зейнетақы төлеуді доғару туралы ұсынысқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Светлана Жақыпова қазір зейнет жасына жеткендердің көпшілігі жұмыс істеп, зейнетақы мен жалақыны қатар алып жүргенін айтады.
"Олар жұмысынан кеткісі келмейді, өйткені сол өздеріне ыңғайлы, жиған-терген білімі, тәжірибесі сұранысқа ие, сондықтан олар жұмысында қала береді. Мұндай жағдайда бюджеттен төленетін төлемдерді олар зейнетке шындап шыққанға дейін доғара тұру ұсынылады", – дейді ол.
Оның айтуынша, үнемделген қаражат 55 жасында зейнетке шыққысы келетіндерге төлеуге бағытталуы мүмкін.
"Бұл тек талқылау сатысындағы дүние. Өткен аптада біз сарапшылармен кездестік, енді кейбірі бар сондай ұсыныс тастаған, қысқасы, бұл әзірге талқылау сатысындағы нәрсе. Әкімдер де, министрлер де мемлекеттік қызметшілер болып табылады, олар, мәселен келісімшарт бойынша бір жылға қалуы мүмкін (зейнеткерлік жасқа толғаннан кейін – шамамен ред.), келісімшарт бір жылға ұзартылуы мүмкін, содан соң олар зейнетке шығуы керек. Мысалы, менен зейнет жасына жеткен соң жұмыс істейсіз бе сұрайды. Мен жұмыс істейтінімді айттым. Менің ғылыммен айналысуға немесе сабақ беруге мүмкіндігім бар. Тиісінше, мен осы салаларда жұмыс істей аламын, егер солай жасасам, онда мен зейнетақысыз, тек жалақыға өмір сүретін боламын", – деп түсіндірді Еңбек министрлігінің басшысы.
Оның айтуынша, бұл норманы қодау-қолдамау қазақстандықтардың еншісіндегі дүние.
"Егер барлық азамат:" О, бұл жақсы ғой. Маған зейнетақының керегі жоқ, ары қарай жұмыс істей бергім келеді" деп жатса. Ал кім ертерек зейнетке шыққысы келеді? Бұл мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған аналар, көп балалы аналар, қауіпті және қиын еңбек жағдайларында жұмыс істейтіндер. Олардың бірнеше санаттары бар. Сондықтан мұндай таңдау құқығын қоғамға беру керек және оны қоғам өзі талқылауы тиіс", - деп сөзін түйіндеді Жақыпова.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:27, 23 желтоқсан 2024
Қолайсыз ауа райына байланысты БҚО-дағы жолдардың бір бөлігі жабылды
-
22:16, 23 желтоқсан 2024
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында жұмысшы қаза тапты
-
21:46, 23 желтоқсан 2024
Ешбір туған-туысы жоқ марқұмдарды жерлеу рәсімінде былық көп - БАҚ
-
21:29, 23 желтоқсан 2024
Семейдегі шырша: Дәрігерлер жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан мұғалімнің жағдайы туралы айтты
-
20:50, 23 желтоқсан 2024
«Тұман, боран, көктайғақ». Еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды