Жұмада еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды
© Сурет: pixabay
2026 жылғы 8 мамырда еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды. Синоптиктер Астанада және Қазақстанның барлық өңірінде қауіпті ауа райы құбылыстары тіркелетінін ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Түнде Ұлытау облысында, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 8 мамырда түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжанады. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз солтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Алматы облысының таулы, тау бөктеріндегі аудандарында аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың таулы, тау бөктеріндегі аудандарында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 18 м/с. Күндіз 36 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта 8 мамырда жоғары өрт қаупі сақталады. Күндіз аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 18 м/с.
Күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қызылордада 7 мамырда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл тұрады деп күтіледі.
Түнде Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, ал түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады деп болжанады. Облыстың батысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Атырауда 8 мамырда кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі.
Түнде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында және күндіз де жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстік-батысында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағандыда 8 мамырда таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі деп күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Ақтауда 8 мамырда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.
Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың батысында, солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Өскеменде 8 мамырда оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса жел соғады, күндізгі екпіні - 15-18 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Абай облысының батысында, орталығында аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстіктен солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады. Семейде 8 мамырда оңтүстіктен солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің күндізгі екпіні 15-18 м/с қамтиды. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, облыстың оңтүстік-батысында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 38 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Облыстың орталығында, солтүстігінде, батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында жаңбыр, жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, ал түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде 8 мамырда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.
Түнде Павлодар облысының шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодарда 8 мамырда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
8-9 мамырда күндіз Жетісу облысында 35-36 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. 8-10 мамырда облыс бойынша жоғары өрт каупі, облыстың оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда 8-10 мамырда жоғары өрт каупі сақталады.
Қостанай облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, облыстың батысында, орталығында нөсер жаңбыр болады, бұршақ түседі, дауыл тұрады, ал түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман қылаң береді деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Қостанайда 8 мамырда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі.
Түнде Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман болатыны болжанады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Көкшетауда 8 мамырда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседіт деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
Түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-батыстан, солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Оралда 8 мамырда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
Түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман болатыны болжанады. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда 8 мамырда күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.
Астанада 8 мамырда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, ал түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндізгі екпіні - 15-18 м/с.
Бұған дейін синоптиктер алдағы үш күнде (8, 9, 10 мамыр) Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райы қандай болатынын айтып, өз болжамдарын жариялаған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:12, 7 мамыр 2026
Қытайда бұрынғы қос қорғаныс министрі өлім жазасына кесілді
-
17:40, 7 мамыр 2026
Жарты миллион гектардан астам ауылшаруашылығы мақсатындағы жер мемлекетке қайтарылды
-
17:25, 7 мамыр 2026
Шахтинскіде тұрғындарды құтқарған бес полицей «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды
-
16:55, 7 мамыр 2026
Қазақстанда ауа райы күрт нашарлайды: синоптиктер ескерту жасады
-
16:44, 7 мамыр 2026
Мерекелік концертке байланысты Астанада көлік қозғалысы өзгереді





