Жарты миллион гектардан астам ауылшаруашылығы мақсатындағы жер мемлекетке қайтарылды
© Сурет: freepik
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Жер ресурстарын ұтымды пайдалануын бақылау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Отырыста, 2026 жылы 7 мамырда ҚР АШМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, пайдаланылмай жатқан және заңсыз берілген ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтару жөніндегі жұмыстардың нәтижелері қаралды.
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтановтың мәліметінше, 2026 жылдың басынан бері жалпы көлемі 1 млн гектар жерді қамтыған 354 жоспардан тыс тексеру жүргізілген. Нәтижесінде 500 мың гектарға жуық аумақты қамтитын 261 жер заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілген.
Бұған дейінгі нұсқамалар бойынша 340 мың гектар ауыл шаруашылығы жерін игеру жұмыстары басталды. Жалпы ауданы 357,5 мың гектар жер телімдерін мәжбүрлеп қайтару мәселесі сот тәртібімен қаралуда. Тұтастай алғанда, мемлекет меншігіне 563 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы алқаптары қайтарылды.
Қайтарылған жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына қайта енгізу, сондай-ақ халықты жайылыммен қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылуда.
Айта кетсек, Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында 2026 жылдың ортасына дейін жерлерді кезең-кезеңімен қайта бөлу жоспары бекітілген. 2026 жылғы 20 сәуірдегі жағдай бойынша жоспарланған 13,5 млн гектардың 10,8 млн гектары айналымға енгізілді. Бірінші тоқсан қорытындысы бойынша жоспар 102,3%-ға орындалды.
Бұған дейін Балқаш көлі жағалауында заңсыз берілген жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:08, 7 мамыр 2026
Жұмада еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
17:25, 7 мамыр 2026
Шахтинскіде тұрғындарды құтқарған бес полицей «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды
-
16:55, 7 мамыр 2026
Қазақстанда ауа райы күрт нашарлайды: синоптиктер ескерту жасады
-
16:44, 7 мамыр 2026
Мерекелік концертке байланысты Астанада көлік қозғалысы өзгереді
-
16:38, 7 мамыр 2026
Робоиттер, дрондар және ашық аспан астындағы марштар: Астанада 7 мамыр күні ауқымды плац-концерт өтті





