Қызылорда облысының жаңа әкімі қашан тағайындалатыны белгілі болды
© Фото: Zakon.kz
Қызылорда облысының жаңа әкімі 2026 жылғы 8 мамыр, жұма күні тағайындалуы жоспарланып отыр. Бұған дейін бұл қызметті атқарған Нұрлыбек Нәлібаев жуырда Президент жарлығымен Қазақстан Премьер-министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Облыс әкімі лауазымына жаңа кандидаттың тағайындалу күні мәслихат хабарламасы арқылы белгілі болды.
Құжатта Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 8 маусымдағы №912 Жарлығына сәйкес, облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімдерін тағайындауға келісім беру тәртібі айқындалғаны көрсетілген.
"Облыс аумағында орналасқан мәслихаттар немесе республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттары депутаттарының облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімін лауазымға тағайындауға келісім беруі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 8 маусымдағы № 912 Жарлығына сәйкес, Қызылорда облысының әкімі лауазымына тағайындауға келісім беру үшін Қызылорда облысының аумағында орналасқан мәслихаттар депутаттарының жиналысы 2026 жылғы 08 мамырда сағат 09:00-де Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан көшесі, № 1 (Облыстық мекемелер Үйі ғимараты) мекен-жайында өтеді." Қызылорда облыстық мәслихатының аппараты
Қызылорда облысының әкімі қызметін 2022 жылғы 7 сәуірден бері Нұрлыбек Нәлібаев атқарып келген. Ол 2026 жылғы 6 мамырда Мемлекет басшысының жарлығымен Премьер-министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:44, 7 мамыр 2026
«Әділет» партиясы саяси жарғысын бекітті
-
13:23, 7 мамыр 2026
«Әділет» партиясы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси кағидаттарын жүзеге асыруды қолдайды
-
13:23, 7 мамыр 2026
Айбек Дәдебай: Біздің ісіміз — Әділет! Жолымыз — Заң мен Тәртіп!
-
13:11, 7 мамыр 2026
Әр азамат жеке деректерінің таралғаны туралы алдын ала хабардар болады
-
12:52, 7 мамыр 2026
Еуропада керосин тапшы





