Қазақстанда ауа райы күрт нашарлайды: синоптиктер ескерту жасады
© Фото: unsplash
Синоптиктер Қазақстан аумағы бойынша 2026 жылғы 8 мамырға арналған синоптикалық жағдай мен қауіпті метеожағдайлар туралы болжам ұсынды. Оған сәйкес, ел аумағын күшті циклон басып, қолайсыз ауа райы қалыптасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Болжамға сәйкес, республиканың тек оңтүстік-шығыс бөлігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
"Солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер Қазақстан аумағының басым бөлігін қамтиды. Ел аумағының көп жерінде жаңбыр мен найзағай күтіледі, батыс пен солтүстікте қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл болуы мүмкін. Түнде және таңертең тұман түседі. Республика бойынша жел күшейеді, ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста шаңды дауыл болуы ықтимал", – делінген "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметінің хабарламасында.
Сонымен қатар бірқатар өңірлерде өрт қаупі жоғарылайды:
- Өрт қаупі жоғары: Қызылорда, Қарағанды, Павлодар облыстары, Ұлытау, Абай, Жетісу облыстары, сондай-ақ Түркістан, Жамбыл, Алматы, Ақтөбе, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген аудандары.
- Төтенше өрт қаупі: Жетісу облысының оңтүстік-шығыс және оңтүстік бөлігінде сақталады.
Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 8–10 мамыр күндері ауа райы қандай болатыны туралы толық ақпарат бөлек хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:40, 7 мамыр 2026
Жарты миллион гектардан астам ауылшаруашылығы мақсатындағы жер мемлекетке қайтарылды
-
17:25, 7 мамыр 2026
Шахтинскіде тұрғындарды құтқарған бес полицей «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды
-
17:18, 7 мамыр 2026
УЕФА Чемпиондар Лигасының финалында «Арсенал» мен ПСЖ кездеседі - суперкомпьютер болжамы
-
17:05, 7 мамыр 2026
Хантавирус мутацияға ұшырап, адамнан адамға жұғуы мүмкін бе - маман жауабы
-
16:44, 7 мамыр 2026
Мерекелік концертке байланысты Астанада көлік қозғалысы өзгереді





