БҚО-да жел электр станциясының құрылысы басталады
© Сурет: БҚО әкімінің баспасөз қызметі
Батыс Қазақстан облысында алғаш рет жел электр станциясы салынады. Маңызды жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңартылатын энергия көздерінің үлесін арттыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
БҚО әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін, 2026 жылы 6 мамырда қуаты 50 МВт болатын энергетикалық нысанның құрылыс алаңында уақыт капсуласын салу рәсімі өтті. Оған аймақ басшысы Нариман Төреғалиев, қытайлық инвестор қатысты.

Сурет: БҚО әкімінің баспасөз қызметі
Жел электр станциясын салу үшін 140 гектар жер телімі берілген. Аукцион нәтижесінде маңызды жобаны қолға алған "GREEN ENERGY INDUSTRIAL COMPANY CENTRAL ASIA" ЖШС директоры Гао Венкеның айтуынша, инвестиция көлемі – 21 млрд теңге. Сегіз ай бұрын аумақта анемометр орнатылған. Метеорологиялық құрылғының көмегімен анықталған желдің жылдамдығы станцияның қалыпты жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Сурет: БҚО әкімінің баспасөз қызметі
Жоба өңір экономикасының дамуына серпін беріп, инвестициялық тартымдылықты арттырады. Жаңа жұмыс орындары ашылады. Құрылыс осы айда басталып, келесі жылы толық аяқталады. Кепілдік мерзімі – 20 жыл. Бес адам тұрақты, 50 адам маусымдық жұмыспен қамтылады.
Облыс әкімі Нариман Төреғалиев энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары жүйелі жалғасатынын жеткізді. Жуырда Жәнібек ауданының Өнеге ауылында гибридті электр станциясының құрылысы басталады. Жоба нәтижесінде өңір импортқа тәуелділіктен арылады. Кейінгі 3 жылдың өзінде облысты энергиямен жабдықтауға 44 млрд теңгеден астам қаржы бағытталса, биыл 20 млрд теңге бөлінді. 2029 жылға қарай электр желілерінің тозу деңгейін 11 пайызға төмендету жоспарланып отыр.

Сурет: БҚО әкімінің баспасөз қызметі
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:23, 6 мамыр 2026
Хантавирустың өршуі: ДДҰ қауіп деңгейі қандай екенін айтты
-
21:05, 6 мамыр 2026
Полиция велосипед тізгініндегі азаматтарға жүгініп, маңызды мәлімдеме жасады
-
20:06, 6 мамыр 2026
Жамбыл облысында омарталар тиеген жүк көлігі отқа оранды
-
20:06, 6 мамыр 2026
Жамбыл облысында омарталарды тиеген жүк көлігі отқа оранды
-
19:53, 6 мамыр 2026
Маңғыстау облысында есірткі өсіруге арналған зертхана анықталды





