Тоқаев Қазақстан азаматтарын Отан қорғаушылар күнімен құттықтады
© Фото: zakon.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын 7 мамыр - Отан қорғаушылар күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президент мемлекеттік әрі қоғамдық маңызы айрықша мерекеде жауынгерлеріміздің ерен ерлігі, мықты рухы мен қайтпас қайсарлығы кеңінен дәріптелететінін атап өтті.
"Бұл – Қазақстанның қауіпсіздігін, тұрақтылығы мен тыныштығын күндіз-түні қас қақпай күзеткен, сондай-ақ қазір Отан алдындағы борышын адал өтеп жатқан барша азаматқа құрмет көрсетілетін күн. Ел жауынгерлері мен командирлері батыр бабаларымыздың даңқты жолын жалғастырып, нағыз отаншылдық рухының жарқын үлгісін көрсетіп келеді. Сардарлар мен сарбаздардың, барлық күштік құрылым қызметкерлерінің бітімгерлік миссиялар, арнаулы оқу-жаттығу жиындары мен түрлі халықаралық сайыстар кезіндегі кәсіби шеберлігі, темірдей тәртібі мен жауынгерлік даярлығы – соның айқын дәлелі". Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев
Сондай-ақ президент қуатты әскеріміз ең күрделі міндеттерді орындауға қашанда дайын екенін, сондықтан мемлекет еліміздің қорғаныс қабілетін күшейтуге және әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға әрдайым баса мән беретінін де баса атап өтті.
"Жаңа Конституцияда "Қазақстан Республикасын қорғау – оның әр азаматының қасиетті парызы мен міндеті" деп жазылды. Осы аса маңызды тұжырым мемлекет пен халықтың тығыз байланысын, ел тағдырына әрбір отандасымыздың жауапты екенін аңғартады. Біз Отанға қалтқысыз қызмет ету қағидатын және Конституцияда айқындалған мызғымас құндылықтарды негізге ала отырып, сан ғасырлық тарихы бар мемлекеттілігіміздің тұғырын нығайта түсеміз, биік мақсат-мұратымызға жетіп, Әділетті, Күшті, Қауіпсіз Қазақстанды құрамыз. Мен бұған кәміл сенемін. Антына адал болып, табандылық танытып, мінсіз қызмет етіп жүрген Отан қорғаушыларымызға алғыс айтамын. Барша азаматтарымызға мықты денсаулық, амандық және табыс тілеймін! Армиямыздың айбыны, халқымыздың ынтымағы арта берсін! Қастерлі Тәуелсіздігіміздің тұғыры бекем болсын!", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:20, 7 мамыр 2026
Дәрігерге қаралу үшін павлодарлықтар емхана алдында жаппай кезекке тұрды
-
09:04, 7 мамыр 2026
Тараздағы 80 млн теңгелік шолу дөңгелегі құжатсыз жұмыс істеп тұр
-
22:55, 6 мамыр 2026
Алматы облысында шұнқырға құлап кеткен екі адам құтқарылды
-
22:21, 6 мамыр 2026
Тоқаев Әсем Орынбайды стенд атудан Әлем кубогы кезеңіндегі жеңісімен құттықтады
-
21:23, 6 мамыр 2026
Хантавирустың өршуі: ДДҰ қауіп деңгейі қандай екенін айтты





