«Жұлмалап, жұлқылап». Алматыға келген түрік актері Буракты жанкүйерлер шошытып жіберді
© Сурет: видеодан алынды
Әлеуметтік желіде түріктің танымал актері Бурак Озчивиттің Алматыдағы фан-кездесуі кезінде түсірілген видео пайда болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
29 қыркүйекте Алматыда түрік актері Бурак Озчивиттің фан-кездесуі өтті. Кездесу кезінде түсірілген видеолар желіде пайда болды.
Соның бірінде шетелдік актермен суретке түскісі келгендердің таласы сипатталған. Өзіне қарай жүгірген жергілікті жанкүйерлер актерді шошытып жіберді. Суретке түсуге асыққандар оны тарқылап та есін шығарды.
Негізі, актер орындықта отырып, адамдар сұрағына жауап беруі керек болған. Алайда онымен бірге суретке түскісі келгендер толастамаған. Ал осы кездесуді ұйымдастырғандар қалың адамды тоқтата алмаған.
Желіде пікір қалдырушылар шетелдік қонақтарды елімізде қабылдау мәдениетінің төмендігін сынайды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:13, 19 желтоқсан 2025
ISU конькимен жүгіруден Олимпиада квоталарының алдын ала бөлінісін жариялады
-
21:47, 19 желтоқсан 2025
Полиция ескертуі: бейтаныс адамның сәлемдемесін жеткізіп беруге келіспеңіз
-
21:10, 19 желтоқсан 2025
Қазақстан фристайл-акробатикадан Қытайда өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысады
-
20:01, 19 желтоқсан 2025
Жезқазған қаласының бюджеті мен инвестициялық әлеуеті артып келеді
-
19:53, 19 желтоқсан 2025
Астанада бір мезетте 40-тан астам шыршаның шамы жағылды





