Түркістанда құлаған көпір салдарынан оқушылар онлайн оқып жатыр
© Фото: unsplash
Түркістан облысындағы Келес өзені арқылы өтетін көпір құлағаннан кейін екі ауылдың тұрғындары сусыз қалды, ал 40 бала көрші ауылдағы мектепке бара алмай, қашықтан оқуға көшті. Сондай-ақ жүзге жуық кішкентай бүлдіршін де балабақшаға бара алмай отыр.
Көпір кеше кешкісін ортасынан опырылып түскен. Ауыл тұрғындары аудан орталығына айналма жол арқылы қатынап жүр, деп жазады qazaqstan.tv.
"Қазір жол қиын болып қалды, Алпамыс батыр ауыл әкімшілігі жақпен айналып жүреміз. 40 шақырым айналамыз. Енді сол жолды жөндеп, көпірді істеп берсе деп тұрмыз, – деді тұрғын Мейірбек Ахметов.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов құлаған көпірдің орнына жаңа көпір салынатынын хабарлады. Ұзындығы 64 метр, ені 11 метр болатын стратегиялық нысанға жарты ғасырдан астам уақыт болған.
"Қазір жобалау жұмыстары жүргізіліп жатыр, жаңа көпірді 4-5 айда салуды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар мал өтуге арналған уақытша көпір мен қысқа жолдарға шағал төсеу мәселесін де қарастырып жатырмыз, – деді Зұлпыхар Жолдасов.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:17, 19 желтоқсан 2025
Ресейлік туристке Таиландқа шамамен 100 жылға кіруге тыйым салынды
-
12:17, 19 желтоқсан 2025
Иранда «ақырзаманның бір белгісі» көрінді - бейнежазба
-
11:52, 19 желтоқсан 2025
WTA барлық санаттағы жылдың үздік турнирлерін атады
-
11:47, 19 желтоқсан 2025
Украинадағы президенттік сайлау: Зеленский дауыс беру мүмкіндігіне қатысты мәлімдеме жасады
-
11:40, 19 желтоқсан 2025
Инвесторлар үшін құқықтық қалқан: Берік Асылов жаңа комитеттің басымдықтарын таныстырды





