ISU конькимен жүгіруден Олимпиада квоталарының алдын ала бөлінісін жариялады
© Сурет: olympic.kz
Халықаралық конькишілер одағы (ISU) Италияда өтетін 2026 жылғы Олимпиада ойындарына қатысуға арналған квоталардың қашықтықтар бойынша алдын ала бөлінісін ұсынды. Рейтинг Әлем кубогының өткен төрт кезеңіндегі нәтижелер негізінде жасалған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ресми ақпаратқа сәйкес, қазіргі таңда Қазақстанның конькимен жүгіру құрамасы әйелдер арасында келесі қашықтықтарда өнер көрсете алады:
Әйелдер:
• 500 м — 2 квота
• 1000 м — 2 квота және квоталар қайта бөлінген жағдайда 1-ші нөмірмен бір резервтік орын
• 1500 м — 2 квота және қайта бөлу кезінде 7-ші нөмірмен бір резервтік орын
• 3000 м — 2 квота
• 5000 м — 1 квота
• Масс-старт — 1 квота
• Командалық із кесу жарысы — 1 квота
Ерлер:
• 500 м — 1 квота және қайта бөлу кезінде 4-ші және 5-ші нөмірмен 2 резервтік орын
• 1000 м — қайта бөлу жағдайында 2-ші нөмірмен бір резервтік орын
• Масс-старт — қайта бөлу жағдайында 3-ші нөмірмен бір резервтік орын
Айта кету керек, бұл спорт түріндегі жолдамалар атаулы емес.
Олимпиадаға қатысатын қорытынды құрамды бапкерлер штабы анықтайды.
Белгіленген мерзімде Ұлттық федерация аталған дисциплиналар бойынша қатысу ниетін растауы тиіс. Осыдан кейін Қазақстан құрамасының өтінімін Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитеті ISU мен Халықаралық Олимпиадалық комитетіне жолдап, Олимпиада–2026 қатысушыларының сандық құрамын ресми түрде бекітеді.
Барлық елдер арасындағы квоталарды қарау және қайта бөлу нәтижесі бойынша 23 қаңтарда түпкілікті тізім жарияланады.
Айта кетейік, конькимен жүгіруден Олимпиада ойындарына қатысатын спортшылардың ең жоғарғы саны — 168 адам.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:41, 19 желтоқсан 2025
Өскеменде өрт кезінде қарт әйел зардап шекті
-
21:47, 19 желтоқсан 2025
Полиция ескертуі: бейтаныс адамның сәлемдемесін жеткізіп беруге келіспеңіз
-
21:10, 19 желтоқсан 2025
Қазақстан фристайл-акробатикадан Қытайда өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысады
-
20:01, 19 желтоқсан 2025
Жезқазған қаласының бюджеті мен инвестициялық әлеуеті артып келеді
-
19:53, 19 желтоқсан 2025
Астанада бір мезетте 40-тан астам шыршаның шамы жағылды





