ЖРВИ өршіп, Қостанай облысында 70-тен аса сынып қашықтан оқу форматына көшірілді
© Фото: zakon.kz
Қостанай облысында 70-тен астам сынып қашықтан оқу форматына ауыстырылды. Бұған ЖРВИ-дің өршуі түрткі екені белгілі, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Наш Костанай" басылымының мәліметінше, өңірде Заречный және Тобыл елдімекеніндегі оқушылар қашықтықтан оқу форматына көшірілген.
Ал сабақтар жүріп жатқан мектептерде қатаң шаралар қабылданған:
- Балалар кабинеттерін ауыстырмай, бір жерде оқиды.
- Кабинеттерді желдетіп, зарарсыздандыру шаралары ұдайы жүргізіліп отырады.
- Оқушылар мен мұғалімдерге бетперде тағуға кеңес беріледі.
Қостанай қаласында қашықтан оқу үрдісі байқалмайды, бірақ ата-аналарға суық тию белгілері байқалған бойда балаларды мектепке жібермеуге, ал ауырмаған балаларға бетперде қолдануға кеңес беріледі.
Санэпидқадағалаудың деректері бойынша, қазан айынан бастап облыста ЖРВИ-дың 29 мыңнан астам жағдайы тіркелді, науқастардың жартысынан көбі (58,6%) - 14 жасқа дейінгі балалар.
Бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова вирустық инфекциялардың маусымдық өршу кезеңінде балалардың бір бөлігі ғана стационарлық көмекке мұқтаж екенін, ал көпшілігі үйден дәрігердің бақылауымен емделуге болатынын айтқан.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:30, 10 наурыз 2026
11 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
21:56, 10 наурыз 2026
Ақсу ферроқорытпа зауытында дауылдан түтін мұржасының бір бөлігі құлады
-
21:09, 10 наурыз 2026
Тоқаев Таяу Шығыстағы тағы бір шабуылды айыптады
-
20:58, 10 наурыз 2026
11 наурызда астаналық оқушылар мен колледж студенттері қашықтан оқиды
-
20:58, 10 наурыз 2026
Астанада мектеп оқушылары мен колледж студенттері қашықтан оқиды





