Жолдама жоқ, ақша жоқ: Ақтөбеде туристік агенттік басшысына қатысты іс тергеліп жатыр
© Фото: Zakon.kz
Ақтөбе қаласы полиция басқармасы туристік агенттік басшысына қатысты алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 37 жастағы туристік агенттік жетекшісі туристік сапарлар ұйымдастыру және жолдамалар сату сылтауымен азаматтардан ақша қаражатын қабылдаған. Алайда ол өзіне алған міндеттемелерін орындамай, салдарынан клиенттер ақысын төлеген туристік жолдамаларынан да, қаражаттарынан да айырылған.
Қазіргі уақытта полицияға 70-тен астам азаматтан арыз түскен. Алдын ала есеп бойынша келтірілген материалдық шығын көлемі 32 млн теңгеден асады.
Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасуда. Тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайы мен жәбірленушілердің нақты саны анықталуда. Іс аясында қажетті тергеу әрекеттерінің кешені жүргізіліп жатыр.
Полиция аталған туристік агенттіктің заңсыз әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарды Ақтөбе қаласы полиция басқармасының №1 полиция бөліміне (Ақтөбе қаласы, 11-ықшамаудан, 51 "А" мекенжайы) немесе тұрғылықты жері бойынша жақын орналасқан полиция бөлімшесіне жүгінуге шақырады.
Сонымен қатар тәртіп сақшылары азаматтарға туристік қызметтерді сатып алу кезінде сақ болуға кеңес береді. Атап айтқанда, туристік компанияның беделі мен қызметінің заңдылығын мұқият тексеру, келісімшарт талаптарымен толық танысқаннан кейін ғана қол қою және төлем жасаған кезде міндетті түрде төлемді растайтын құжаттарды сақтау қажет.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:01, 12 маусым 2026
Алматыда 13-19 маусым аралығында +35 градусқа дейін аптап ыстық болады
-
18:36, 12 маусым 2026
Түркістанда кәмелетке толмаған ұлын көлікпен дүкенге жұмсаған ер адам жазаланды
-
18:23, 12 маусым 2026
Рыбакина Metaratings Top Awards нұсқасы бойынша «Жыл спортшысы» атанды
-
18:10, 12 маусым 2026
Ақтөбеде ұлттық киім брендіне ақша салғандар 72 миллион теңгеден айырылды
-
18:00, 12 маусым 2026
Нөсер, бұршақ және 38 градус ыстық: Қазақстанда сенбі күні ауа райы қандай болады





