Шымкентте әйелден аса ірі көлемдегі есірткі тәркіленді
© Сурет: Шымкент полиция департаменті
Шымкентте полиция қызметкерлері жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында синтетикалық есірткілерді таратумен айналысқан күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тексеру кезінде күдіктінің сөмкесінен жалпы салмағы 2 келі болатын мефедрон салынған төрт пакет табылды. Сонымен қатар одан есірткі заттарын бөліп орауға арналған электронды таразы мен арнайы зип-пакеттер тәркіленді.
Ұсталған азаматшаның жалдап тұрған пәтерін тексеру барысында әрқайсысының салмағы бес грамм болатын 32 орама "синтетика" анықталды.
Аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес пен оны тарату арналарының жолын кесу бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:45, 28 шілде 2026
Алматыда Наурызбай батыр көшесінде қозғалыс сызбасы өзгеріп, оқшауланған веложолақ салынады
-
09:34, 28 шілде 2026
Норвегиялық футболшы Холанд өзі туралы әзілдерге пікір білдірді
-
09:25, 28 шілде 2026
Мас күйдегі қазақстандық танымал иномарканы иесімен бірге «ұрлап кеткен»
-
09:12, 28 шілде 2026
Жылжымалы мүлік кепілін банк қосымшалары арқылы тіркеуге болады
-
09:07, 28 шілде 2026
Талдықорған маңындағы жантүршігерлік жол апаты: үш адам қаза тауып, алтауы жарақат алды





