Шымкентте көлік дүкенге соғылып, өртеніп кетті: екі адам жансақтау бөлімінде жатыр
© Фото: Zakon.kz
11 маусымға қараған түні Оңтүстік шағынауданында жантүршігерлік жол апаты болды. Жеңіл көлік жол жиегіндегі дүкен ғимаратына соғылып, артынша өртеніп кеткен. Салдарынан екі адам ауыр жарақат алып, жансақтау бөліміне жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға түнгі сағат екілер шамасында болған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, көлікті ауданның 21 жастағы тұрғыны басқарған. Оның жанында өзімен бірге жүрген бойжеткен болған. Екеуі де шұғыл түрде ауруханаға жатқызылған, деп хабарлады Otyrar.kz.
Куәгерлердің сөзінше, көлікте болған жастар осы маңда тұрады. Кейбір тұрғындар апатқа жолдағы шұңқыр себеп болуы мүмкін деген болжам айтуда. Алайда бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ.
Төтенше жағдайлар департаментіне оқиға туралы хабар түнгі сағат 02:30 шамасында түскен. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар зардап шеккендерді жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырып, көліктегі өртті сөндірген.
Құтқарушылардың мәліметінше, көліктегі жанар-жағармай материалдары мен пластик бөлшектердің көп болуы өрттің жылдам таралуына әсер еткен. Соның салдарынан автокөлік бірнеше минут ішінде толықтай отқа оранған.
Жарақат алған екі адам қалалық №1 клиникалық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Дәрігерлер олардың жағдайын аса ауыр деп бағалап отыр. Алдын ала мәлімет бойынша, көлікте болған жолаушы қыз жүкті болған.
Полиция аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлады. Тергеудің бастапқы нұсқасына сәйкес, жүргізуші көлік тізгініне ие бола алмай, дүкен ғимаратына соғылған. Соққыдан кейін көлік өртеніп кеткен.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:22, 22 шілде 2026
Бурабайға демалуға барған бір отбасы мүшелері қайғылы жағдайға ұшырай жаздады
-
21:12, 22 шілде 2026
«Бұршақ түсіп, тұман басады». Еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
20:35, 22 шілде 2026
Жалған аккаунттар мен боттар шабуылы: Құрылтай сайлауы қарсаңында ел азаматтарына ескерту жасалды
-
20:23, 22 шілде 2026
Қостанайда мұз құлап, көлігі зақымданған жүргізуші сотқа жүгініп, 2 млн теңге өндіріп алды
-
19:28, 22 шілде 2026
«Балық аулаймыз деп өздері «қақпанға түсті». Есіл жағалауындағы тосын оқиға





