Жиһаз жасатуға тапсырыс берген ақтөбелік алаяқтың құрбаны болды
© Фото: unsplash
Полиция қызметкерлері 28 жастағы Ақтөбе қаласының тұрғынының арызы бойынша жиһаз дайындаумен айналысқан, алаяқтық жасады деген күдікке ілінген азаматты анықтап, полиция бөліміне жеткізді.
Жәбірленушінің айтуынша, ол әлеуметтік желілер арқылы жиһаз дайындау жөніндегі хабарландыруды көріп, тапсырыс берген.
Күдікті алдын ала төлем жасауды сұраған, соған келіскен әйел ас үй жиһазы үшін 2 млн 300 мың теңге көлемінде ақша аударған.
Алайда ақшаны алған соң ер адам байланысқа шықпай кеткен. Жүргізілген тергеу іс-шаралары барысында ұсталған күдіктінің басқа да кемінде үш азаматты дәл осындай жолмен алдағаны анықталды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Полиция ескертеді: интернет арқылы тауарлар мен қызметтерге тапсырыс беру кезінде сатушылар туралы мәліметтерді мұқият тексеріп, бейтаныс тұлғаларға алдын ала төлем жасамау және тек тексерілген ұйымдармен келісімшарт жасасу қажет.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:35, 29 қаңтар 2026
БҚО-да интимдік материалдарды заңсыз таратқан күдіктіге қатысты тергеу жүргізіліп жатыр
-
16:24, 29 қаңтар 2026
Доллар емес: Сарапшылар «әлемдегі ең мықты валютаны» атады
-
16:17, 29 қаңтар 2026
Үкімет барлық салада инвесторлармен сындарлы диалог орнатуға әзір – Олжас Бектенов
-
16:06, 29 қаңтар 2026
Семейлік бойжеткендер арасындағы дау-дамай: ІІМ оқиғаның мән-жайын қайта тексереді
-
15:57, 29 қаңтар 2026
Алматыда тағы бір заңсыз қосалқы нысан сүрілді





