Жезқазғанда оқу-жаттығу кезінде әскери қызметкер оқтан жараланды

19:35, 13 қыркүйек 2024

© Сурет: akorda.kz

Жезқазғанда Ұлттық ұланының 6505 әскери бөлімінің офицеріне оқ тиіп, жарақат алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 13 қыркүйекте ҚР Ұлттық ұланының "Орталық" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі хабарлады.

"12 қыркүйекте Ұлттық ұланның әскери бөлімінде жауынгерлік даярлық жоспары шеңберінде оқу-жаттығу полигонында сарбаздардың атыс шеберлігі сыналды. Қауіпсіздік шараларын бұзу салдарынан офицер аяғынан оқтың жанасуы сипатында жеңіл жарақат алды. Оқиға орнында оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетілді. Оның жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланады, өмірлік маңызды органдарға зақым келмеген", делінген хабарламада.

Ведомство қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталып жатқанын, қызметтік тергеу қолға алынғанын атап өтті.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!