Қазақстанда жемқорлар тізілімі әзірленеді
© Фото: Zakon.kz
Бас прокуратураның норма шығару қызметін үйлестіру департаментінің бастығы Альбина Маутова 2025 жылғы 15 қаңтарда Мәжілістің жалпы отырысында еліміздегі сыбайлас жемқорлар тізілімін қалыптастыру тетігін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мұндай норма Мәжіліс депутаттары палатаның бірінші оқуында талқылаған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына енгізілген.
"Заң жобасының ережелерінде сыбайлас жемқорлардың жария тізілімін енгізу көзделеді. Мұндай заңнамалық бекіту Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы шеңберінде көзделген және ол жария болып табылады. Біздің ойымызша, бұл тізілімді Агенттіктің сайтында бекіту-бұл қисынды және дәйекті, өйткені сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша мемлекет жүргізіп жатқан жұмыс туралы барлық ақпарат бірыңғай платформада жинақталуы тиіс", – деді ол.
Оның айтуынша, бұл сайтта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндама, сыртқы тәуекелдерді талдау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шеңберіндегі барлық құқықтық актілер орналастырылған.
"Барлығы осы сайтқа жинақталады, сондықтан бұл тізілімді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның жүргізуі қисынды әрі дәйекті. Оны енгізу тетігіне келетін болсақ, бұл тізілімге ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасаған адамдар кіреді. Бұл тізілімге енгізу үшін заңды күшіне енген айыптау үкімінің болуы негіз болады. Ал, алып тастау үшін негіздеме – заңды күшіне енген ақтау үкімі немесе соттылықты өтеу", — деп түсіндірді қадағалау органының өкілі.
Бұған дейін енді пара беруге уәде бергендердің өзі де қылмыстық жауапқа тартылатындығы хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:51, 15 қаңтар 2025
Депутат Ерлан Сайыров еліміздегі ең төменгі жалақыны индекстеуді ұсынды
-
17:37, 15 қаңтар 2025
«Күзет қойылды». Дәрігерлер кепілге алынған ақтөбелік әйелдің хәл-жағдайы туралы мәліметпен бөлісті
-
17:18, 15 қаңтар 2025
Қазақстанға Әзербайжан ұшағының «қара жәшіктерінен» алынған деректер жеткізілді
-
16:54, 15 қаңтар 2025
KASE мен AIX қашан бірігеді - ресми өкіл жауабы
-
16:34, 15 қаңтар 2025
Қапшағай тас жолында тағы бір ЖКО орын алды: бұл жолы әскери техниканың қатысуымен