БҚО-да тұмаудың түрлері өршіп тұр
© Фото: pixabay
Батыс Қазақстан облысында 5 адамнан метапневмовирус анықталды. Тағы 61 адам шошқа тұмауына шалдыққан.
Соңғы аптада тағы 3 адамнан осы вирус анықталды. Олардың біреуі 5 жастағы бала қазір Бәйтерек аудандық ауруханасында ем алып жатыр. Ал 20 жастағы ер адам мен 46 жастағы әйел осы біз тұрған облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына түскен, деп жазады qazaqstan.tv.
Дәрігерлердің айтуынша, жағдайлары орташа ауыр. Барлық ем-шара жасалып жатыр. Сондай-ақ өңірде 61 адам "шошқа тұмауына" шалдыққан. Медициналық атауы H1N1 деп аталатын жұқпалы ауру да тұмаудың кең таралған бір түрі.
"Метапневмовирус болсын, басқа да айтып өткен аденовирус, боковирус, т.б. барлығы да жіті респираторлы жұқпаның түрлері. Клиникалық белгілері де бірдей басталады. Яғни әлсіздік, мұрыннан су кету және құрғақ жөтел, содан кейін ылғалдыға айналады. Жедел респираторлық вирусты инфекцияның таралуына жол бермеу үшін өздігіңізден емделмеуіңізді сұраймыз." Нұрлыбек Мұстаев, БҚО санэпидемиологиялық бақылау Департаменті басшысының орынбасары
Бұған қоса 11 тұрғыннан коронавирус анықталған. Эпидемиологиялық кезең басталғалы бері, яғни 1 қазаннан бастап 72 мыңға жуық адам тұмау тәріздес түрлі вирусты жұқтырған. Олардың 50 мыңы — бала.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:58, 15 қаңтар 2025
Алматы әуежайындағы лаң: елордалық бойжеткенге қатысты қылмыстық іс қозғалды
-
18:52, 15 қаңтар 2025
Петропавлдағы ЖЭО-2 штаттық режимде жұмыс істеп тұр
-
18:37, 15 қаңтар 2025
Қостанайда жолаушылар автобусының жүргізушісі рөлге мас күйде отырған
-
18:22, 15 қаңтар 2025
Жетісу облысында 10 келіден аса «мефедрон» тәркіленіп, бес күдікті қамауға алынды
-
17:57, 15 қаңтар 2025
Қазақстанда халық пен бизнеске берілген несиелер көлемі 40 трлн теңгеден асты