Жетісу облысында жеңіл көлік ағашқа соғылып, төрт адам мерт болды

© Сурет: pixabay
2025 жылдың 8 ақпанында Алматы-Өскемен тас жолының 271- шақырымында бірнеше кісі өліміне түрткі болған жол апаты болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жетісу облысы ПД баспасөз қызметі алдын ала мәліметтерге сүйене отырып, Ауди автокөлігінің жүргізушісі рөльге ие бола алмай жолдың ортасында тұрған ағашқа соғылғанын нақтылайды.
"Апат салдарынан жүргізуші мен үш жолаушы оқиға орнында қаза тапты, тағы бір жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу жүргізілуде", делінген полиция хабарламасында.
Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жылдамдық режимін бұзбауға және жолда аса мұқият болуға шақырады.
Бұған дейін Алматы облысында жол апатына ұшыраған жеңіл көлік аударылып қалғаны хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:59, 17 наурыз 2025
Солтүстік Қазақстан облысында үш күн ішінде 16 мас жүргізуші жауапқа тартылды
-
13:46, 17 наурыз 2025
Полиция қалааралық жеткізу қызметіне қатысты алаяқтық жайлы ескертеді
-
13:30, 17 наурыз 2025
Қазақстандықтарға зейнетақы тағайындау кезінде еңбек өтілі қалай ескеріледі
-
13:19, 17 наурыз 2025
Астана әуежайы жолаушыларға маңызды ескерту жасады
-
13:08, 17 наурыз 2025
Астанада 10-нан астам эпизодқа қатысы бар алаяқ ұсталды