Жетісу облысында жайылымдық жерлерді жасырған сегіз ауыл әкімі жауапкершілікке тартылды
© Сурет: unsplash
Жетісу облысында статистикалық есептерде мал санын өтірік көбейтіп көрсетіп, жайылымдық жерлерге деген қажеттіліктің нақты көрінісін бұрмалаған сегіз ауыл әкімі жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жетісу облысы прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Кербұлақ ауданының ауылдық округтерінің 8 әкімі тіркеулер мен статистикалық деректерді бұрмалағаны үшін ҚР ӘҚБтК 499-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
"Олар статистикалық есептерде жеке сектордағы шаруа қожалықтарының мал санын жасанды түрде арттырған. Нәтижесінде 75 мың гектарға жайылымдық жерлерге деген қажеттіліктің нақты көрінісі бұрмаланған", делінген прокуратура хабарламасында.
Сондай-ақ прокурорлық қадағалау актісін қарау шегінде аудан әкімдігі жайылымдарды басқару жөніндегі бұрын бекітілген жоспарды қайта қарау бойынша жұмысын бастағаны нақтыланады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:13, 19 желтоқсан 2025
ISU конькимен жүгіруден Олимпиада квоталарының алдын ала бөлінісін жариялады
-
21:47, 19 желтоқсан 2025
Полиция ескертуі: бейтаныс адамның сәлемдемесін жеткізіп беруге келіспеңіз
-
21:10, 19 желтоқсан 2025
Қазақстан фристайл-акробатикадан Қытайда өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысады
-
20:01, 19 желтоқсан 2025
Жезқазған қаласының бюджеті мен инвестициялық әлеуеті артып келеді
-
19:53, 19 желтоқсан 2025
Астанада бір мезетте 40-тан астам шыршаның шамы жағылды





