Жетісу облысында полицейлер суға секіріп кеткен қызды құтқарып қалды
© Сурет: polisia.kz
12 шілде күні таңғы сағат 04:30 шамасында Көксу ауданының Балпық би кенті маңындағы Алматы – Өскемен автожолының 240-шақырымында полиция қызметкерлерінің жедел және кәсіби әрекет етіп адам өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында алдын ала іс-шара жүргізіп жүрген әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы Марат Ұзақпаев пен Көксу ауданының учаскелік инспекторы Жұмабек Бақбергенге Toyota автокөлігін тізгіндеген азамат келіп, Көксу өзенінің каналы бойында бойжеткеннің жалғыз тұрғанын хабарлаған.
Хабарды алған бойда оқиға орнына дереу жеткен полиция қызметкерлері шамамен 20–25 жас аралығындағы бойжеткенді анықтаған. Ол өз-өзіне қол жұмсауға бел буғанын жеткізіп, "өлемін" деген сөздер айтқан. Қызметкерлер оны райынан қайтаруға тырысқанымен, ол суға секіріп кеткен.
Алайда тәртіп сақшылары өз өмірлерін қатерге тігіп, бір сәт те ойланбастан өзенге түсіп, ағыс бойымен бойжеткенге жүзіп жетіп, оны жағаға алып шыққан. Құтқару жұмысына сол маңда жүрген Жетісу облысы полиция департаментінің патрульдік полиция инспекторы Т.Кашкеев те белсенді түрде атсалысқан.
Кәсіби біліктілік пен шынайы жанашырлықтың үлгісін көрсеткен полицейлер бойжеткенді құтқарып, аман-есен ата-анасына табыстады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:03, 27 маусым 2026
Ақтөбеде бір топ адам туристік қызмет көрсетуді желеу еткен алаяқтың тұзағына ілінген
-
13:54, 27 маусым 2026
Футболдан әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне тағы екі құрама жолдама алды
-
13:36, 27 маусым 2026
Қазақстан Халық партиясының төрағасы ауысты: Ертісбаевтің орнын Шоқанов басты
-
13:15, 27 маусым 2026
Қазақстандық жұп батуттағы гимнастикадан Әлем кубогының финалына шықты
-
13:06, 27 маусым 2026
Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамдары - 27 маусым





