Жетісу облысында кейінгі екі тәулікте жол апатынан бес адам қайтыс болды
© Сурет: polisia.kz
Жетісу облысында кейінгі екі тәулікте жол апатынан бес адам қайтыс болды. Үш жол апатында бес адам қаза тауып, екі жол апатында екі бала зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.
1 қазан күні Панфилов ауданында Алмалы ауылының 43 және 41 жастағы екі тұрғын мопедмен электр бағанасына соқтығысып, қайтыс болды.

Сурет: polisia.kz
Сондай-ақ 2 қазанға қараған түні Талдықорған маңында 36 және 32 жастағы екі ер адам Toyota Сamry көлігімен жол жиегіндегі ағашқа соғылып, қаза тапты.
Дәл осындай жол-көлік оқиғасы Fiat Croma көлігінің қатысуымен Көксу ауданында болды, Балпық би — Қаратал тас жолының 2-шақырымында жол-көлік оқиғасы салдарынан 49 жастағы әйел қаза тапты.
Ақсу және Көксу аудандарында кәмелетке толмағандар зардап шеккен тағы екі жол-көлік оқиғасы тіркелді, онда 9 және 16 жастағы мектеп оқушыларын көлік қағып кеткен. Екі жасөспірім де жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
Әрбір факті бойынша қылмыстық тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалып, тиісті материалдарды жинай отырып, әр жол-көлік оқиғасы мұқият зерттеледі. Болған оқиғаны қатаң талдап, барлық жағдайлар мен себептер анықталатын болады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:13, 19 желтоқсан 2025
ISU конькимен жүгіруден Олимпиада квоталарының алдын ала бөлінісін жариялады
-
21:47, 19 желтоқсан 2025
Полиция ескертуі: бейтаныс адамның сәлемдемесін жеткізіп беруге келіспеңіз
-
21:10, 19 желтоқсан 2025
Қазақстан фристайл-акробатикадан Қытайда өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысады
-
20:01, 19 желтоқсан 2025
Жезқазған қаласының бюджеті мен инвестициялық әлеуеті артып келеді
-
19:53, 19 желтоқсан 2025
Астанада бір мезетте 40-тан астам шыршаның шамы жағылды





