Жетісу облысында есірткі сатқан жас жігіт ұсталды

17:22, 30 желтоқсан 2025

© Сурет: polisia.kz

Жетісу облысы Сарқан ауданы полициясының жедел қызметкерлері аудан аумағында 19 жастағы жас жігіттің есірткі заттарын сақтау және өткізумен айналысып жүргені туралы жедел ақпарат алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған мәліметті тексеру мақсатында жедел-іздестіру және тергеу шаралары ұйымдастырылып, бақылаулы сатып алу жүргізілді.

Нәтижесінде күдікті полиэтилен пакетке салынған, өзіне тән иісі бар жасыл түсті өсімдік тектес белгісіз затты тапсырған. Жүргізілген сараптама бұл заттың салмағы 35 граммнан асатын кептірілген марихуана екенін растады.

Күдікті қамауға алынып, қазіргі уақытта оған қатысты тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, үйлесімді әрі жедел әрекеттің арқасында есірткі заты заңсыз айналымнан алынып қана қоймай, өзге азаматтардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіруі мүмкін қылмыстың алдын алу мүмкін болды.

"Жеңіл ақшаға" қызыққан жас жігіт осылайша өз болашағына балта шапты. Аталған қылмыстық құқық бұзушылық үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүлкін тәркілей отырып, бес жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!