Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы «Тәжен» өткізу пункті техникалық тұрғыда іске қосылды
© Фото: zakon.kz
"Тәжен" өткізу пунктін жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатқанымен, бекет іс жүзінде жабылған жоқ. Шекарадан жүк көлік құралдарының өтуі шектеусіз жүзеге асырылуда. Бұл туралы 2025 жылы 29 желтоқсанда ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер департаменті ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомство бас мердігердің ақпаратын келтіре отырып, қазіргі күні қарыздар мен жобаны қаржыландыруда ешқандай мәселелер туындамағанын хабарлайды.
"Сонымен қатар, Өзбекстан Республикасы көршілес жатқан "Дәуіт Ата" өткізу пунктін қайта жаңартуда, осыған байланысты жеке тұлғалардың, жеңіл автомобильдер мен жолаушылар автобустарының өтуі шектелген. Қазіргі уақытта "Тәжен" өткізу пункті техникалық тұрғыда іске қосылды. Инспекциялық-тексеру кешендері, салмақ-габаритін өлшеу және өзге де жабдықтар орнатылып, бейтарап жолақ салынды. Өткізу пунктінің өткізу қабілеттілігіне әсер етпейтін жұмыстар жалғасуда", делінген хабарламада.
Қазірдің өзінде 2025 жылдың 11 айында "Тәжен" өткізу пунктінің өткізу қабілеті 130 мың АКҚ құрайды, бұл 2024 жылдың көрсеткіштерінен 22%-ға немесе 29 мың автокөлік құралына артқаны (2022 жылы – 77 695 АКҚ) да нақтыланады.
Бұған дейін Өзбекстан Қазақстанмен шекарадағы шектеулер мерзімін ұзартқаны хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:56, 30 желтоқсан 2025
Қазақстанда электр энергиясына шекті тарифтер 7 жылға бекітілді
-
10:45, 30 желтоқсан 2025
Ақтауда полицейлер есірткі тасымалдау әрекетіне тосқауыл қойды
-
10:38, 30 желтоқсан 2025
Алматы облысында есірткі құрамды өсімдіктерді заңсыз өсірген фитозертхана әшкереленді
-
10:24, 30 желтоқсан 2025
Алматыда түн ортасында жаппай жол апаты болды: зардап шеккендер бар
-
10:17, 30 желтоқсан 2025
Алматы тауларындағы қар көшкінінде мерт болған үш жігіт жерленді





