Салық амнистиясы туралы нені білу керек

19:18, 29 желтоқсан 2025

© Сурет: Zakon.kz

Қазақстан билігі жаңа Салық кодексіне бейімделу кезеңінде фискалдық жүктемені төмендету мақсатында микро және шағын бизнес үшін салықтық әкімшілендіруді жеңілдету туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептен шығару тетігі Үкіметтің қаулысымен бекітілген. Бұл туралы "Атамекен" ҰКП алаңында өткен бизнес өкілдері мен мемлекеттік органдардың онлайн-кездесуінің қорытындысында айтылды.

"Кәсіпкерлер үшін әрекет ету реті – барынша айқын. Егер 2026 жылға дейін қалыптасқан негізгі салық берешегі толық өтелсе, микро және шағын бизнес субъектілері үшін өсімпұлдар мен айыппұлдар есептен шығарылады. Бұл мүмкіндік 2026 жылдың 1 қаңтарынан 31 наурызына дейін қолжетімді болады", делінген хабарламада.

Айта кету керек, бұл шара жыл басындағы ӘҚБК бойынша тіркелген айыппұлдарға да қатысты, яғни мыңдаған микро және шағын бизнес үшін қаржылық "қайта жүктеу" жасалады.

Бұған дейін Қаржы министрі Мәди Такиев Мәжіліс дәлізінде журналистерге берген сұқбатында жаңа Салық кодексінің жекелеген тұстарындағы деректердің бұрмалануы жөнінде бизнес-омбудсменнің айтқан сынына қатысты түсініктеме берген болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!