Чехияда жол құрылысы кезінде сарбаздардың жаппай жерленген орындары табылды

13:46, 30 желтоқсан 2025

© Сурет: pixabay

Чехияда Яромерж бен Трутнов қалалары арасындағы D11 автомагистралін салу барысында археологтар XVIII–XIX ғасырларға жататын әскери сарбаздардың жаппай жерленген бірнеше орнын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Fox News дерегінше, бұл олжа жолдың шамамен 3,7 шақырымдық учаскесінен табылған.

Оломоуц археологиялық орталығы мамандарының айтуынша, жерлеу орындарының бірі 1745 жылғы екінші Силезия соғысы кезімен тұспа-тұс келсе, қалған үш қорым 1866 жылғы Австро–пруссия соғысы кезіндегі ұрыстармен байланысты.

XVIII ғасырға жататын қабірден 12 сарбаздың сүйегі табылған. Олардың нақты қай әскерге тиесілі екені әзірге анықталмаған. Ал XIX ғасырдағы жерлеу орындарынан 43 әскери қызметкердің сүйегі шыққан: оның 23-і – австриялық, 20-сы – пруссиялық сарбаздар. Сүйектерде оқ тиген жарақаттардың іздері бар.