Қазақстандықтардың табысы III-тоқсанда да төмендеуін жалғастырған - сарапшылар
© Фото: zakon.kz
Қазақстандықтардың табысы 2025 жылғы III-тоқсанда да төмендеуін жалғастырып, нақты мәнде жылына 3,4%-ға қысқарғанын көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл "экономикадағы тарқату механизмдерінің ерекшелігін" танытуы мүмкін, - дейді Halyk Finance сарапшылары.
"Жағдай алаңдатарлықтай, өйткені қазақстандықтар азық-түлікке көбірек (52,3%) ақша жұмсап, басқа тауарлар мен қызметтерге аз шығындана бастаған. Яғни, халықтың адами капиталға, бос уақытқа және ұзақ мерзімді тауарларға инвестиция жасау мүмкіндігі төмендеуде. Сонымен қатар, тоқсан қорытындысы бойынша шығыстар нақты мәнде 2,3%-ға төмендеді", делінген экономикалық-қаржылық талдауда.
Сондай-ақ сарапшылар қазақстандықтардың халықаралық стандарттар бойынша борыштық жүктемесінің деңгейі төмен екенін тағы да баса атап көрсетеді.
"Несиелерді төлеуге кірістердің 6,5%-ы жұмсалады (бір жыл бұрынғы көрсеткіш - 6,3%), бұл бірқатар ірі еуропалық елдердегі деңгейден әлдеқайда төмен. Алайда Еуропада табыстың 10-15%-ы ғана азық-түлікке жұмсалады", делінген сарапшылар зерттеуінде.
Бұған дейін Қазақстан билігі жаңа Салық кодексіне бейімделу кезеңінде фискалдық жүктемені төмендету мақсатында микро және шағын бизнес үшін салықтық әкімшілендіруді жеңілдету туралы шешім қабылдағанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:56, 30 желтоқсан 2025
Қазақстанда электр энергиясына шекті тарифтер 7 жылға бекітілді
-
10:45, 30 желтоқсан 2025
Ақтауда полицейлер есірткі тасымалдау әрекетіне тосқауыл қойды
-
10:38, 30 желтоқсан 2025
Алматы облысында есірткі құрамды өсімдіктерді заңсыз өсірген фитозертхана әшкереленді
-
10:24, 30 желтоқсан 2025
Алматыда түн ортасында жаппай жол апаты болды: зардап шеккендер бар
-
10:17, 30 желтоқсан 2025
Алматы тауларындағы қар көшкінінде мерт болған үш жігіт жерленді





