Америкалық әнші Бейонсе миллиардер атанды
© Сурет: Instagram/beyonce
Америкалық әнші Бейонсенің байлығы 1 миллиард долларға жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Осылайша әнші күйеуі Jay-Z, сондай-ақ Рианна, Тейлор Свифт және Брюс Спрингстин сынды миллиардер музыканттардың қатарына қосылды, деп жазады Forbes.
Басылым атап өткендей, әнші капиталының өсімінде кең масштабты гастрольдер шешуші рөл атқарған:
- 2023 жылы The Renaissance World Tour өнер жұлдызына 600 миллион доллар табыс әкелді.
- 2024 жылы Бейонсе Cowboy Carter атты кантри-альбомын жарыққа шығарды, ол оған Ұлттық футбол лигасының Рождестволық матчының үзілісі кезінде өнер көрсетуге мүмкіндік берді.
- 2025 жылы өткізген туры аста-төк ақшаға кеңелтті.
Әншінің байлығының көп бөлігін музыка саласы қалыптастырады, атап айтқанда, оның ән жазбаларына деген құқықтар мен әлемдік турлардан түскен кірістер.
2010 жылы ол өзінің музыкасын, концерттерін және деректі жобаларын шығарумен айналысатын Parkwood Entertainment компаниясын құрды. Сонымен қатар, Бейонсе SirDavisIvy Park виски бренді, Cécred шаш күтімі брендтеріне ие.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:56, 30 желтоқсан 2025
Қазақстанда электр энергиясына шекті тарифтер 7 жылға бекітілді
-
10:45, 30 желтоқсан 2025
Ақтауда полицейлер есірткі тасымалдау әрекетіне тосқауыл қойды
-
10:38, 30 желтоқсан 2025
Алматы облысында есірткі құрамды өсімдіктерді заңсыз өсірген фитозертхана әшкереленді
-
10:24, 30 желтоқсан 2025
Алматыда түн ортасында жаппай жол апаты болды: зардап шеккендер бар
-
10:17, 30 желтоқсан 2025
Алматы тауларындағы қар көшкінінде мерт болған үш жігіт жерленді





