23 сапар, 186 кездесу және 70 млрд долларға келісім: Тоқаевтың 2025 жылғы халықаралық жұмысының қорытындысы
© Фото: akorda.kz
Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай 2025 жылы Қасым-Жомарт Тоқаев қандай шет елдерге барғанын баяндады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Руслан Желдібай бүгін, 30 желтоқсанда, өзінің Telegram-арнасында егжей-тегжейлі хабарлады.
Оның ішінде Ресейге және Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барды. ҚХР, Иордания, Түркия, Қырғызстан және Жапония секілді елдерге 5 ресми сапар ұйымдастырылды. Ресей (екі рет), АҚШ (екі рет), Түрікменстан (екі рет), БАӘ, Өзбекстан, Әзербайжан, Тәжікстан және Қырғызстан сияқты мемлекеттерге 16 мәрте жұмыс сапарымен барды.

Сурет: akorda.kz
Руслан Желдібайдың пайымдауынша, шетелдік сапарларда сауда-экономикалық, көлік-логистикалық және инвестициялық ықпалдастықты нығайтуға айрықша мән берілді.
"Халықаралық кездесулер кезінде жалпы сомасы 70 миллиард доллардан асатын коммерциялық келісімдер жасалды." Руслан Желдібай
Президент шет мемлекеттердің үкімет басшыларымен, басқа да жоғары лауазымды тұлғаларымен, халықаралық құрылымдар жетекшілерімен, іскерлік топ өкілдерімен және сарапшылармен 186 кездесу өткізді.

Сурет: akorda.kz
Сонымен қатар, Руслан Желдібай Қазақстан халықаралық диалогтың белсенді алаңына айналғанына тоқталды. 2025 жылы шет мемлекеттердің басшылары Қазақстанға 30 рет cапармен келді.
Олардың арасында ҚХР, Италия (екі рет), Грузия, Өзбекстан, Словения, Вьетнам, БАӘ, Руанда, Солтүстік Македония, Болгария, Словакия, Иордания, Конго Демократиялық Республикасы, Мьянма, Мажарстан, Әзербайжан, Финляндия, Эстония, Армения, Түрікменстан, Швейцария және Иран елдерінің мемлекет және үкімет басшылары бар.

Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев өзге де президенттермен 43 мәрте телефон арқылы сөйлесті. Бұдан бөлек, 4 ресми рәсім барысында 30 мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:56, 30 желтоқсан 2025
Қазақстанда электр энергиясына шекті тарифтер 7 жылға бекітілді
-
10:45, 30 желтоқсан 2025
Ақтауда полицейлер есірткі тасымалдау әрекетіне тосқауыл қойды
-
10:38, 30 желтоқсан 2025
Алматы облысында есірткі құрамды өсімдіктерді заңсыз өсірген фитозертхана әшкереленді
-
10:24, 30 желтоқсан 2025
Алматыда түн ортасында жаппай жол апаты болды: зардап шеккендер бар
-
10:17, 30 желтоқсан 2025
Алматы тауларындағы қар көшкінінде мерт болған үш жігіт жерленді





