Жетісу облысында ер адам бір айда дүкеннен 600-ден астам шоколад ұрлаған
© Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Жаркенттте полицияға қаладағы сауда орталықтарының бірінің өкілі дүкеннен шоколадтардың жүйелі түрде жоғалып жатқанын хабарлаған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бейнебақылау камераларындағы жазбаларды қарау барысында қауіпсіздік қызметі бір ер адамның бірнеше апта бойы дүкенге келіп, шоколадтарды сөмкесі мен қалталарына салып, төлем жасамай шығып кететінін анықтаған.
Тексеру барысында күдіктінің үнемі бір тәсілмен әрекет еткені белгілі болды. Ол дүкенге кіріп, айналасындағылардың назарын бақылай отырып, шоколадтарды жеке заттарына салып, кассадан төлем жасамай шығып кеткен. Арада бірнеше минут өткен соң қайта оралып, осы әрекетін қайталаған. Кей күндері ол дүкенге 5-6 рет бас сұққан.
Бір ай ішінде сауда орталығынан барлығы 625 дана шоколад ұрланған. Келтірілген материалдық шығын көлемі 530 мың теңгеден асты.
Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында Панфилов аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Жаркент қаласының 41 жастағы тұрғынын анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Күдікті өз кінәсін толықтай мойындады.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Сондай-ақ күдіктінің осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:42, 3 тамыз 2026
Трамп америкалық мұнай компанияларынан бағаны төмендетуді талап етті
-
20:22, 3 тамыз 2026
Ақтауда теңіз бетінде кісі толы қайық аударылды
-
19:58, 3 тамыз 2026
«Аптап ыстық, найзағай». Қазақстанда бір тәулік ішінде 13 орман өрті тіркелді
-
19:37, 3 тамыз 2026
Оралда аурухана директоры біліктілік тестін сәтті тапсырудың құйтырқы тәсілін ойлап тапқан
-
18:45, 3 тамыз 2026
Астанада инвестиция салуға уағыздап, жұрттың 35 млн теңгесін заңсыз иеленген күдікті ұсталды





