«Аптап ыстық, найзағай». Қазақстанда бір тәулік ішінде 13 орман өрті тіркелді
© Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Өткен тәулікте Қазақстанның мемлекеттік орман қоры аумағында 13 орман өрті тіркелді. Өрт ошақтарының көпшілігі авиациялық патрульдеу мен орман өрттерін ерте анықтау жүйесінің арқасында жедел анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құзырлы ведомство мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысында екі өрт тіркелді. Тағы бір-бір өрт ошағы Қарағанды облысында, "Марқакөл", "Қорғалжын", мемлекеттік табиғи қорықтарында, "Баянауыл", "Қарқаралы" мемлекеттік ұлттық табиғи парктерінде және "Жасыл аймақ" РМК территориясында анықталды. Сондай-ақ "Ертіс орманында", "Семей орманында" екі өрт ошағы тіркелді.
Өрт ошақтары РМҚК "Қазавиаорманқорғау" кәсіпорнының әуе патрульдеуі және орман өрттерін ерте анықтау жүйесі арқылы дер кезінде анықталды. Өрт туралы хабарлама түскен сәттен бастап орман мекемелерінің күштері мен құралдары жедел түрде оқиға орнына жіберілді.
Өртті сөндіруге РМҚК "Қазавиаорманқорғау" кәсіпорнының Ми-8 тікұшағы су төгу құрылғысымен (ВСУ), әуе өрт сөндіру қызметі, сондай-ақ мемлекеттік орман күзетінің күштері мен құралдары жұмылдырылды.
Қазіргі сәтте бірқатар өңірлерде өртті толық сөндіру жұмыстары жалғасуда.
"Елімізде аптап ыстық пен найзағайлы фронттардың сақталуына байланысты өрт қаупі жоғары деңгейде қалып отыр. Осыған байланысты мемлекеттік орман күзеті мен РМҚК "Қазавиаорманқорғау" күштері күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Әуе және жерүсті патрульдеу жұмыстары үздіксіз жүргізілуде", делінген Экология министрлігі хабарламасында.
Бұған дейін Қарағандыда полицей өртеніп жатқан үйден бес баланы алып шығып, қайғылы жағдайдың алдын алғаны хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:42, 3 тамыз 2026
Трамп америкалық мұнай компанияларынан бағаны төмендетуді талап етті
-
20:22, 3 тамыз 2026
Ақтауда теңіз бетінде кісі толы қайық аударылды
-
20:14, 3 тамыз 2026
Жетісу облысында ер адам бір айда дүкеннен 600-ден астам шоколад ұрлаған
-
19:37, 3 тамыз 2026
Оралда аурухана директоры біліктілік тестін сәтті тапсырудың құйтырқы тәсілін ойлап тапқан
-
18:45, 3 тамыз 2026
Астанада инвестиция салуға уағыздап, жұрттың 35 млн теңгесін заңсыз иеленген күдікті ұсталды





