Қазақстандағы ең танымал және ең сирек есімдер топтамасы

09:51, 3 тамыз 2026
MKZ: 1559302

© Фото: pexels

Қазақстандықтардың кейінгі бір жылда жаңа туған сәбилерге қандай есімдерді жиі қойғаны белгілі болды. Сондай-ақ осы кезеңде бір ғана балаға қойылған бірегей есімдер де анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстанда ұл балаларға ең жиі қойылған есімдер:

  • Алан
  • Әлихан
  • Мұхаммед
  • Алдияр
  • Айсұлтан
  • Хамза
  • Омар
  • Альтаир
  • Әмір
  • Мұхаммад

Кейінгі 12 айда қыз балаларға ең жиі қойылған есімдер:

  • Айлин
  • Асылым
  • Медина
  • Томирис
  • Айша
  • Аяла
  • Сафия
  • Мариям
  • Айым
  • Адия

Ал осы кезеңде бір ғана қыз балаға қойылған сирек есімдер:

  • Арианұр
  • Жұлдыз-Ай
  • Танзилия
  • Ходжар
  • Николин
  • Еустиния
  • Имануэлла
  • Сиора
  • Айсалқам
  • Сунита

Ұл балаларға қойылған ең сирек есімдер:

  • Полат
  • Элион
  • Теоман-Ахмет
  • Серхан
  • Мұхаммеджар
  • Нұралим
  • Ақ-Назар
  • Әл-Мұқаддим
  • Юнис
  • Қосжан
  • Айта кетейік, 2026 жылғы 1 маусымдағы мәлімет бойынша Қазақстан халқының саны 20 575 979 адамға жетті. Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2026 жылдың басында елімізде 0-17 жас аралығындағы 6,9 млн бала тұрған. Бұл республика халқының жалпы санының 33,6%-ын құрайды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!