Жақында WhatsApp қолданушыларына тиімді функция ұсынылады
© Фото: unsplash
Танымал WhatsApp мессенджері қолданушылар көптен бері сұрап жүрген жаңа пайдалы мүмкіндікті сынақтан өткізіп жатыр. Бұл жаңарту негізгі чаттар тізімін қажетсіз хабарламалар мен қызметтік ескертулерден тазартуға көмектеседі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы GSMArena басылымы жазды.
Жаңа функция іске қосылғаннан кейін банктерден, әуе компанияларынан және басқа да ірі ұйымдардан келетін қызметтік хабарламалар негізгі чаттар тізімінде тұрмайды. Олар автоматты түрде арнайы жеке бумаға (папкаға) жіберіледі. Мұндай хабарламалардың қатарына банк хабарламалары, әуе компанияларының ескертулері, түрлі жеңілдіктер мен акциялар туралы ақпарат және интернет-дүкендердегі тапсырыстың жеткізілу мәртебесі туралы хабарламалар кіреді.
Қазіргі уақытта WhatsApp бұл хабарламаларды жаңа бумаға қанша уақыттан кейін автоматты түрде көшіру керектігін сынап жатыр. Қарастырылып отырған ең ұзақ уақыт – 24 сағат.
Қолданушылар бұл мүмкіндікті қаласа, баптаулар (параметрлер) арқылы толықтай өшіре алады. Алайда хабарламалардың қанша уақыттан кейін ауыстырылатынын өз қалауынша өзгерту мүмкіндігі әзірге қарастырылмаған.
Әзірге бұл жаңарту тек ірі компаниялардан келетін хабарламаларға ғана қатысты.
Алдын ала мәлімет бойынша, болашақта WhatsApp бұл мүмкіндікті кеңейтіп, шағын бизнес өкілдерінен келетін хабарламаларды да автоматты түрде жеке бумаға көшіруді жоспарлап отыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:54, 3 тамыз 2026
Пәкістандағы қар көшкінінде қаза тапқан әлемге әйгілі альпинист Нирмал Пурджидің мәйіті табылды
-
09:13, 3 тамыз 2026
Есірткі баронының ұсталуы Мексикада жаппай тәртіпсіздікке ұласты
-
16:03, 2 тамыз 2026
Пашинян Арменияның премьер-министрі қызметіне қайта тағайындалды
-
13:25, 2 тамыз 2026
Перуде туристік ұшақ апатқа ұшырап, 13 адам қаза тапты
-
12:58, 2 тамыз 2026
Америкалық актер Винсент Пасторе қайтыс болды





