Оралда аурухана директоры біліктілік тестін сәтті тапсырудың құйтырқы тәсілін ойлап тапқан
© Сурет: freepik
Орал қалалық соты қашықтан қол жеткізу бағдарламалары арқылы медицина қызметкерлері орнына біліктілік тесттерін тапсыруды ұйымдастырған төрт жергілікті тұрғынға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мой город" басылымы БҚО сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, жеті жыл бойы "Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығының" өңірлік сарапшысы exam.ncie.kz жүйесінде қылмыстық схеманы жүзеге асырып келгенін жазады. Бұл лауазымды облыстық инфекциялық аурухананың бұрынғы директоры атқарған, ол қылмысқа өзінің көмекшісі мен екі IT-маманын тартқан.
"Сарапшы мен оның көмекшісі дәрігерлер арасынан кандидаттар тауып, олардан ақша жинап, түскен табысты бөліп алып отырған. IT-мамандар AnyDesk және Radmin бағдарламалары арқылы емтихан кезінде компьютерлерге қашықтан қосылып, материалдарды көшіріп, дәрігерлердің орнына дұрыс жауаптарды енгізген. Нәтижелерді бұрмалағаны үшін топ қатысушылары дәрігерлер мен медициналық персоналдан 4 млн теңгеден астам ақша алған", деп жазады басылым.
Осылайша өздерінің шынайы білімін дәлелдей алмаған медицина қызметкерлері біліктілік санаттары мен сертификаттарды заңсыз алған. Соның негізінде бюджеттен және жұмыс берушілердің қаражатынан оларға 16,5 млн теңге көлемінде жалақыға үстемеақы төленген. Бұдан бөлек, ҰТЕО-ның өзіне де беделі де, қаржылай да зиян келтірілді.
Сотталушылар кінәсін толықтай мойындап, өз істеріне өкініш білдірді, іс қысқартылған тәртіппен қаралды (қылмыс ауырлығы жеңіл санатқа жатады).
Ұйымдастырушыға денсаулық сақтау саласындағы мамандардың біліктілігін бағалау қызметімен айналысу құқығынан бір жылға айыра отырып, бір жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Үш сыбайласына – бір жылдан бас бостандығын шектеу түрінде жаза берілді. Дегенмен, рақымшылыққа байланысты төрт сотталушы да негізгі жазадан (бас бостандығын шектеуден) босатылды.
Сот үкімі күшіне енген жоқ.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:42, 3 тамыз 2026
Трамп америкалық мұнай компанияларынан бағаны төмендетуді талап етті
-
20:22, 3 тамыз 2026
Ақтауда теңіз бетінде кісі толы қайық аударылды
-
20:14, 3 тамыз 2026
Жетісу облысында ер адам бір айда дүкеннен 600-ден астам шоколад ұрлаған
-
19:58, 3 тамыз 2026
«Аптап ыстық, найзағай». Қазақстанда бір тәулік ішінде 13 орман өрті тіркелді
-
18:45, 3 тамыз 2026
Астанада инвестиция салуға уағыздап, жұрттың 35 млн теңгесін заңсыз иеленген күдікті ұсталды





