Қазақстанда су ресурстарының цифрлық картасы жасалды
© Фото: unsplash
Қазақстанда елдің су ресурстары туралы мәліметтерді қамтитын бірыңғай цифрлық деректер базасы құрылып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Су ресурстары және ирригация министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жүйеде өзендер, көлдер, су шаруашылығы нысандары, су пайдаланушылар және жерасты сулары туралы ақпарат жинақталған.
"Бүгінде жүйеге 23 мыңнан астам су нысаны туралы мәлімет енгізіліп, біріздендірілді", – делінген хабарламада.
Олардың қатарында:
- 17 748 өзен;
- 3 148 көл;
- 1 109 гидротехникалық құрылыс бар.
Сонымен қатар Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесінде 3 мыңға жуық ұйым мен 4 мыңнан астам пайдаланушы тіркелген. Су шаруашылығы және гидротехникалық нысандардың 9 мыңға жуық цифрлық паспорты әзірленді.
"Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі су балансын жүргізуге, суды пайдалану көрсеткіштерін есепке алып, талдауға, су қоймаларының жай-күйін бақылауға және трансшекаралық су нысандары туралы деректермен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ жүйеде ғарыштық мониторингті қоса алғанда, заманауи технологиялар қолданылады", – деді "Су ресурстарының ақпараттық-талдау орталығы" КеАҚ басқарма төрағасы Қайратғали Хайрулла.
Ведомствоның мәліметінше, қазір Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесін өндірістік пайдалануға беру жұмыстары аяқталуға жақын. Іске қосылғаннан кейін ол Қазақстанның су ресурстары туралы мәліметтерді жинау, талдау және пайдалану бойынша бірыңғай құралға айналады.
Осы уақытта Павлодардың көрнекті орындарының бірі саналатын өзен вокзалы маңындағы Ертісті су деңгейінің төмендеуіне байланысты балдыр басып жатыр. Гидрологтардың пікірінше, өзен арнасы жақын арада тазартылмаса, орталық айлақ батпаққа айналуы мүмкін.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:56, 3 тамыз 2026
Батыс Қазақстанда 6,2 мың гектардан астам жер ауыл тұрғындарына берілуі мүмкін
-
10:49, 3 тамыз 2026
Экс-әкім сот үкімін 8 миллион теңгеге «сатып алмақ» болған
-
10:37, 3 тамыз 2026
Көктөбеде аумағы 4 гектар болатын жаңа гүлді беткей ашылды
-
10:24, 3 тамыз 2026
Қазақстанда мұнай өндіру көлемі өзгереді: ОПЕК+ маңызды шешім қабылдады
-
10:15, 3 тамыз 2026
«Декларациядан өткізу қажет»: 18 жастағы бойжеткен 71 млн теңгенің алтынын алаяқтарға табыстаған





