Алакөлде ер адам суға батып кете жаздады

09:04, 3 тамыз 2026
MKZ: 1559295

© Фото: pixabay

Абай облысы Мақаншы ауданындағы Алакөл көлінде ТЖД қызметкерлері суға батып бара жатқан ер адамға дер кезінде көмекке келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жедел-құтқару жасағы оны патрульдеу барысында байқап қалған. Ер адам жағалаудан сегіз метр қашықтықта болған.

"ТЖМ қызметкерлері ер адамға дереу көмекке келіп, оны судан шығарып, жағаға жеткізді",- делінген ТЖМ ақпаратында.

Белгілі болғандай, кейін ол тексеру үшін жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылған.

ТЖМ су айдындарында демалу кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға, өз мүмкіндіктеріңізді дұрыс бағалауға және тек рұқсат етілген орындарда ғана шомылуға шақырады.

Бұған дейін Ақмола облысында екі қыз көлікпен бірге суға батып кеткенін жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!