Жемқорлық жайлы хабарлап, 9 млн теңге сыйақы ала аласыз

14:18, 3 қазан 2024

© Фото: Zakon.kz

Шымкентте сыбайлас жемқорлық әрекеттері туралы құзырлы органдарға дер кезінде хабар жеткізген 5 азаматқа 9 миллион теңгеге жуық сыйақы берілді.

Олардың осы әрекетінен соң жең ұшынан жалғасқан қылмыстардың жолы кесіліп, кінәлілерге қатысты сот шешім шығарды.

Мамандардың айтуынша, жемқорлықпен күресте қала тұрғындары жыл өткен сайын белсенділік танытып келеді.

Мәселен өткен жылы 7 ақпарат берушінің арқасында оңай олжа тапқысы келгендер қолға түскен, деп жазады qazaqstan.tv.

Айта кетейік, бір жолғы ақшалай сыйақы ұсынылған пара сомасының 10 пайызын құрайды.

Көтермелеу қаржысы кінәлілерге сот үкімі шығарылғаннан кейін беріледі. Сонымен қатар ақпарат берушілер туралы мәліметтер ешқайда жарияланбайды, құпиялығы сақталады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!