Футзалдан ӘЧ-2024: Бразилия құрамасы Украинаны жеңіп, финалға шықты

22:31, 2 қазан 2024

© Сурет: Instagram/futsal_ua

Футзалдан 2024 жылғы Әлем чемпионатының жартылай финалында Бразилия құрамасы Украинамен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесу Ташкентте өтті.

Жартылай финалда бразилиялықтар украиналықтарды әупірімдеп жүріп, әрең жеңді. Қақпаға дөп түскен екі пенальти добы Бразилияға жеңіс сыйлады.

Украина-Бразилия. Есеп - 2:3:

  • 17: 03. Игорь Чернявский (1: 0)
  • 20:46. Ростислав Семенченко (автогол, 1: 1)
  • 22: 00. Диего (1: 2)
  • 28:56. Игорь Корсун (2:2)
  • 33:48. Леандро Лино (Бразилия) - сары қағаз
  • 35: 49. Андрей Мельник (Украина) - сары қағаз
  • 35: 50. Диего (қос пенальти, 2: 3)

Екінші жартылай финал 3 қазанда Аргентина мен Франция командалары арасында өтеді. Бұған дейін, 30 қыркүйекте футзалдан 2024 жылғы Әлем чемпионатының ширек финалында Қазақстан құрамасы Аргентинамен кездесіп, қарсыласынан ойысай ұтылғанын жазған болатынбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!