Қазақстан мен Түркия діни білім беру мәселесін министрлік деңгейінде талқылады
© Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Түркия Дін істері басқармасының төрағасы Әли Ербашпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, тараптар түрлі бағыттар бойынша ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
"Діни білім беру саласындағы бірлескен жұмысты нығайтуға және екі елдің университеттері арасындағы ынтымақтастықты арттыруға баса назар аударылды", делінген хабарламада.
Аида Балаева екі елді ортақ дәстүрлер мен құндылықтарға негізделген берік бауырластық байланыстыратынын атап өтті. Министр мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық аясында ортақ рухани және мәдени құндылықтарды ілгерілетуге ғана емес, сонымен қатар бұл құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Өйткені кез келген дін айналадағы адамдарға деген мейірімділікті, қайырымдылықты, сыйластықты, сүйіспеншілікті насихаттайды.
"Қазіргі әлемде діни мәселелерді түсіндіру, әсіресе осы бағытта жастармен жұмыс істеуге ерекше назар аудару маңызды. Әлеуметтік медиада деструктивті ақпарат көбейген жағдайда жақсыны жаманнан ажырата білу қажет. Сенімді және сапалы ақпаратты қамтамасыз ету үшін бірлескен күш-жігерімізді жұмсауымыз керек", - деді министр.
Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Әли Ербаш мұндай кездесулер екіжақты қатынастардың дамуына серпін беретініне сенім білдірді. Ол Түркияның Дін істері басқармасы Қазақстанмен белсенді қарым-қатынаста болып, студенттерді оқыту мен дамытуға, сондай-ақ олардың қоғамға бейімделуіне көңіл бөлініп жатқанын атап өтті.
Кездесу соңында тараптар рухани-мәдени құндылықтарды насихаттауға бағытталған жемісті жұмысты жалғастыруға ниет білдірді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:05, 2 қазан 2024
ДДҰ әлемге жаңа індеттің таралу қаупі барын ескертті
-
22:31, 2 қазан 2024
Футзалдан ӘЧ-2024: Бразилия құрамасы Украинаны жеңіп, финалға шықты
-
22:21, 2 қазан 2024
Пара таеквондодан Әлем чемпионы Нышан Өмірәлінің неден көз жұмғаны белгілі болды
-
21:43, 2 қазан 2024
Қазақстан ОПЕК+ алдындағы өз міндеттемелерін орындады. Отырыстың қорытындысы жарияланды
-
21:16, 2 қазан 2024
Алматыда жол апатына түрткі көлік тізгініндегі бойжеткен ауруханадан бір-ақ шықты