Bank RBK: Банкті сату бойынша келіссөздер жүргізіліп жатқан жоқ

19:44, 2 қазан 2024

© Сурет: Bank RBK

Bank RBK анонимді арналар арқылы банктің сатылғалы жатқаны туралы тарап жатқан ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Қазіргі уақытта банк пен оның акционері қаржылық институттың, соның ішінде ForteBank-тің де акцияларын сату туралы келіссөздер жүргізіп жатқан жоқ.

Қазіргі уақытта Bank RBK Қазақстандағы қаржылық жағдайы тұрақты және қарқынды дамып келе жатқан ЕДБ-нің бірі болып табылады және қаржы нарығындағы өз позицияларын нығайтуға бағытталған даму стратегиясын жоспарлы түрде іске асыруда.

Bank RBK 2024 жылдың 1 қыркүйектегі жағдайы бойынша, коммерциялық банктердің арасында корпоративтік несие портфелінің көлемі бойынша 7-орында, капиталы бойынша 7-орында, активтері бойынша 9-орында тұр.

Сондай-ақ, 2024 жылдың қыркүйегінде Moody 's Investors Service (Moody' s) халықаралық рейтингтік агенттігі "Bank RBK" АҚ-тың ұзақ мерзімді депозиттік рейтингтерін Ba3-тен Ba2-ге, сондай-ақ несиелендіру қабілеттілігінің базалық бағасын (BCA) және түзетілген BCA-ны b1-ден ba3-ке дейін көтерді. Ұзақ мерзімді рейтингтер бойынша болжамы "тұрақты" деңгейде. Сонымен қатар агенттік банктің қысқа мерзімді рейтингтерін растады.

2024 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша "Bank RBK" АҚ активтері 2 170 млрд теңгені құрады, жыл басынан бергі өсім - 6,2%, кредиттік портфель – 1 294 млрд теңге, бұл реттегі жыл басынан бергі өсімі – 15,4 %.

2024 жылдың сегіз айындағы банктің табысы 39 млрд теңгені құрады, ал бұл көрсеткіш өткен жылы осындай кезеңде 34 млрд теңге болған еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!