Желідегі жазбасы үшін Дана Орманбаеваға қатысты қылмыстық іс қозғалды

16:47, 17 сәуір 2024

© Сурет: Instagram/danapartner

Алматы қалалық полициясы қоғам белсендісі Дана Орманбаеваға қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық полиция департаментінің нақтылауынша, 17 сәуірде Алматы қаласы тұрғынынан әлеуметтік желіде ұлтаралық араздықты қоздыру белгілері бар қорқытулар мен қорлау сөздері сипатындаңы жарияланымға қатысты арыз келіп түскен. жариялауы туралы

" Тергеу мүддесіне сай басқа мәліметтер жария етуге жатпайды", деп хабарлады құзырлы ведомство.

Бұған дейін Орманбаева Instagram желісінде өзге бір әйелге қатысты жазба жарияланған. Жазбада бейәдеп сөздер бар.

Дана Орманбаева - отандық продюсер, тележүргізуші, қоғам қайраткері, журналист әрі жазушы. Ол "Мы не ругаем детей", "Методы построения доверия в современной организации" сынды кітаптардың авторы.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!