Желідегі зейнетақы төлемдерін қайта есептеу жайлы ақпарат жалған - Еңбек министрлігі
![](https://mail.kz/images/3cfd1c54fa4ca200864ef95ed91b02d3-slider.jpg)
© Сурет: unsplash
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде зейнетақы төлемдерін қайта есептеу арқылы оны 30-50%-ға арттыру мүмкін екендігі туралы ақпаратқа қатысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде зейнетақы төлемдерін қайта есептеу арқылы оны 30-50%-ға арттыру туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Әрі бұл ақпаратта интернет-алаяқтық белгілері барын нақтылайды.
Айта кетсек таратылған бейнероликте зейнетақыны арттыру үшін 20 жылдан бастап еңбек өтілі және еңбек кітапшасында белгілі бір жазба болуы керек деп айтылады. Бұл жағдайда роликтің авторы оның қандай жазба екенін білу үшін сілтемеге өтуді сұрайды.
"Азаматтарға тексерілмеген сілтемелерге өтпеуге, сонымен қатар алаяқтар пайдалана алатын күмәнді интернет-ресурстарда өздерінің жеке деректерін қалдырмауға кеңес береміз. Ақпаратты тек ресми көздерден пайдалануды сұраймыз", делінген ресми хабарламада.
Сондай-ақ құзырлы ведомство жалған ақпарат тарату заңмен қудаланатынын еске салады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:56, 26 шілде 2024
Павлодарда автобус аялдамасы маңында бір бойжеткенді көлік қағып кетті
-
22:40, 26 шілде 2024
2024 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты ресми түрде басталды
-
22:25, 26 шілде 2024
Бай әзербайжанның үйінде қонақта болған қазақ блогері өз таңданысын жасыра алмады
-
22:25, 26 шілде 2024
Бай әзербайжанның үйінде қонақта болған қазақ блогері таңданысын жасыра алмады
-
21:50, 26 шілде 2024
«Аптап ыстық, қатты жел». Сенбіде еліміздің 17 облысында дауылды ескерту жарияланды