«Жауын-шашын тоқтамайды». Еліміз бойынша 29 қазанға арналған ауа райы болжамы

19:58, 28 қазан 2024

© Сурет: pxhere

Синоптиктер алдағы сейсенбіде, 2024 жылы 29 қазанда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК деректері бойынша, алдағы күндері күн жылынып, жауын-шашын тоқтай қоймайды.

"Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп болжанады. Республикамыздың басым бөлігінде тұман түсіп, жел екпін алады, ал еліміздің солтүстігінде, орталығында, шығысында көктайғақ болады деп күтіледі", делінген 29 қазанға арналған ауа райы болжамында.

Сондай-ақ, гидрометеорологиялық орталық алдағы тәулікте республикамыздың оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен шығысындағы тауларда жауған жаңбырға байланысты өзен-сулардың тасу қаупі байқалатынын хабарлайды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!