Ресейлік пансионаттан қазақстандық оқушылар шұғыл шығарылып, үйге қайтарылып жатыр

19:53, 28 қазан 2024

© Сурет: kz-geolog.ru

26 қазан мен 4 қараша аралығында демалу үшін Құлсары қаласының оқушылары, атап айтқанда 113 ұл және 61 қыз бала Астрахан облысының (Ресей) "Қазақстан геологы" емдеу пансионатына барған. Алайда олардың барлығы шұғыл түрде үйлеріне қайтуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Atyrau online аймақтың білім басқармасына сілтеме жасай отырып, бұған "ағаштағы жәндіктер" кінәлі екенін жазады.

"Олар пансионатқа 26 қазанда сағат 22.00-де келді. Алайда, ауа райына байланысты ағаш жәндіктері көбейіп, пансионат ғимараты ішіне өріп кеткен. Қазіргі уақытта ғимаратты жәндіктерден тазарту жұмыстары ұйымдастырылуда. Балаларды шұғыл үйге қайтару жұмыстары да жүргізілуде", - деді Атырау облысы білім басқармасының басшысы Марат Әбуов.

Бұған дейін Ақтөбеде балалар еміне жиналған ақшаға қол сұққан қор басшысының сотталғаны хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!