Джо Байден АҚШ-тағы президенттік сайлауда мерзімінен бұрын дауыс берді

21:58, 28 қазан 2024

© Сурет: Instagram/joebiden

АҚШ президенті Джо Байден АҚШ-тағы президенттік сайлауда мерзімінен бұрын дауыс берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шетелдік БАҚ оның дауыс берер алдында шамамен 40 минут кезекте тұрғанын жазады.

CBC News-тің хабарлауынша, Байден демалыс күндерін өткізген Делавэр штатындағы Уилмингтон маңында дауыс берді.

"Жүріңдер, дауыс беруге барайық", – деді сайлау учаскесінде Сенатта штат атынан сайлауға түсіп жатқан үміткер Лиза Блант Рочестермен бірге сайлаушыларды қарсы алған Байден.

АҚШ президентінің сайлауы 5 қарашада өтеді. Демократтар атынан Камала Харрис пен Республикашылар атынан Дональд Трамп саяси додада өзара бақ сынасуда.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!